Мемлекет басшысы Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевты қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевты қабылдады

05.08.2019
Мемлекет басшысы Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевты қабылдады

ҚР Президентіне Алматының әлеуметтік-экономикалық дамуы, Үкіметтің кеңейтілген отырысының қорытындысы бойынша берілген тапсырмалардың орындалу барысы туралы мәлімет берілді.

Қасым-Жомарт Тоқаев қала инфрақұрылымының сапасын арттыру, қоғамдық қауіпсіздікті, көлік жүйесін, медицина және білім салаларын дамыту, «халықтың үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын белсенді түрде жүзеге асыру аса маңызды екенін атап өтті.

Соңында Президент алдағы оқу жылына дайындық, тұрғындарға сапалы медициналық көмек көрсету және шаһарда қордаланған өзекті мәселелерді шешу жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.
 

Хабарламаларға жазылу