Қазір қолданыста жүрген ауыл шаруашылығы техникасының жартысынан көбі тозған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазір қолданыста жүрген ауыл шаруашылығы техникасының жартысынан көбі тозған

29.10.2017

Астық қамбаға құйылса, диқанның көңілі күпті болады. «Шәріповтен»  шаруа қожалығы 20 жыл ауыл шаруашылығында еңбек етіп келеді. Өнімділік жоғары болу үшін жыл сайын жаңа техника алады. Алайда, оған кететін шығын көп. Баға қымбат. Мәселен, биыл 50 миллионға жаңа комбайн алыпты. Оны төлеп біткенше, техника да ескіреді, - дейді шаруалар.

Әсет Шәріпов, шаруа қожалығының басшысы:

 - Техника өте қымбат. Оның қосалқы саймандары екі есе қымбат. Сондықтан, тапқан табысымыздың көбі сол техниканы жаңартумен, оны жөндетумен кетеді.

Бұрын техника алуға пайыздық үстеме 6 процент болған, қазір 17-ге жетті. Сағит Мұхамеджановтың техникасының 97 пайызы ескі. Алайын десе ақша жоқ, армандап жүр. Алтын дәннің алақанға оңай түспейтіні белгілі, төгілген тер мен адал еңбектің нәтижесін көрейін десе, мүмкіндік жоқ. «Күз бастала, астық жинау бас ауруға айналады»,-дейді ол.

Республикада  қазір қолданыста жүрген ауыл шаруашылығы техникасының жартысынан көбі әбден тозған. Ол ауыл шаруашылық дақылдарын өсіру және жинаудың агротехникалық талаптарына мүлде сәйкес келмейді. Сондықтан, оны жоспарлы түрде жаңарту керек.

 Индира БЕГАЙДАР

 

Хабарламаларға жазылу