Ауыл шаруашылығы техникасының жартысынан көбі әбден тозған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ауыл шаруашылығы техникасының жартысынан көбі әбден тозған

23.10.2017

Қазір қолданыста жүрген ауыл шаруашылығы техникасының жартысынан көбі әбден тозған. Сондықтан, техниканы жоспарлы түрде жаңарту керек. Парламент қабырғасына «Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту картасын» таныстыра келген Вице-премьер, Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов осылай деді. Министрдің есебінше, ескі трактор мен комбайндарды жаңарту үшін 4 жыл қажет. Ол үшін бюджеттен 217 млрд. теңге бөлуді ұсынып отыр.  

Асқар Мырзахметов, ҚР Премьер-министрінің орынбасары, Ауыл шаруашылығы министрі:

- Біз бұл жерде ашық айтып отырмыз. Біздегі техниканың бәрі тозған. Мысалға тракторлардың 75 пайызы, ал, комбайндардың 46 пайызы 17 жылдан артық қызмет етіп келеді. Соның салдарынан жыл сайын 98 млрд. қосымша шығынға ұшырап отырмыз.

 

Ғабит БӨКЕНБАЙ

Хабарламаларға жазылу