Шет мемлекеттердегі қарулы қақтығысқа қатысып келген Қазақстанның тағы бір азаматы істі болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шет мемлекеттердегі қарулы қақтығысқа қатысып келген Қазақстанның тағы бір азаматы істі болды

01.10.2017

Өткен аптада Семейдегі №2 қалалық сотта Украинаның шығысында соғысып қайтқан азаматқа үкім шықты. Қалалық соттың баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сүйенсек, аталған азамат Донецкідегі қарулы жанжалға қатысу мақсатында өз еркімен шекара асқан. Ол жақта әскери дайындықтан өтіп, арнайы операцияларға қатысқан.

Бұл аз десеңіз, елге оралған соң заңсыз қару сатумен айналысқан. Жергілікті уәкілетті органдар күдіктінің үстінен заңсыз қару сату және шетелдегі қарулы қақтығыстарға қатысу баптары бойынша іс қозғады. Ал, кесілген үкім қоғамда үлкен түсінбеушілік туғызды. Сот  қылмыскерге небәрі 3 жарым жыл шартты түрде жаза кесумен шектелді.

Шынар АСАНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу