Соңғы кездері ел ішінде «қатынайтын әуе кемелері діттеген жеріне жетпей қалды немесе ұшпай жатып қоныпты» деген ақпар жиіледі.
Өткен жексенбі футболдан ұлттық құрама мінген ұшақ Ереваннан көкке көтерілмей жатып, қайта қонуға мәжбүр болған. Себеп пен салдарын білу сіз бен бізге мұң болып тұр. Ақпарат аз. Саладағы саңлақ саналатын «Air Astana»-дан мәлімет алу тіптен қиын. Ақпаратты айтасыз, әуежайларда әупірімдеп айтылатын хабарламалардан басқа тіс жаратын тірі пендені кездестірмейсіз. Сервисте сергектік жоқ. Сөйте тұра билетінің бағасы удай қымбат. Қара халықтың қалтасы көтермейді. Білетіндер мұны «бәскелестіктің жоқтығынан» дейді. Неге? Авиация саласындағы сан сауалға тілшіміз Индира Бегайдар жауап іздеп көрді.
Индира БЕГАЙДАР