Үкіметтегі жиында Елбасы бизнестегі ахуалға, кәсіпкерлікке үлкен мән берді. «Үкімет жоспарлы тексерістердің тоқтатылғаны жөнінде баяндайды. Бірақ, тексеруші органдар қызметкерлерінің саны іс жүзінде қысқарған жоқ»,- деді. Ол рас. Дүркін-дүркін тексерістен әбден діңкелеген кәсіпкерлер бекерден-бекерге шағымданбайды. Аш кенедей жабысып, жан-жақтан жұлмалайтын тексеруші органдар әлі де бар. Оның үстіне көлеңкелі бизнеске де тосқауыл болмай тұр. Салықтан жалтарған «Шығайбайлар» миллиардтаған қаржыны қалтаға басып немесе шетел асырып отыр. Жалпы ішкі өнімнің 15-20 пайызына татитын қыруар қаржы осы көлеңкелі экономиканың көмейіне кеткен.
Енді жауапкершілік туралы. Биліктің биік мінберінде жүрген министрлердің жауапкершілігі. Елбасы олардың бұйрық шығару, шешім қабылдауға келгенде ат-тондарын ала қашатындарына қынжылды.
Енді жауапкершілік туралы. Биліктің биік мінберінде жүрген министрлердің жауапкершілігі. Елбасы олардың бұйрық шығару, шешім қабылдауға келгенде ат-тондарын ала қашатындарына қынжылды.