Жыл қорытындысы. Биыл спорт саласында болған айтулы жаңалықтар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жыл қорытындысы. Биыл спорт саласында болған айтулы жаңалықтар

25.12.2016
Биылғы жылдың айтулы спорт оқиғасы әрине, Бразилия төрінде өткен Олимпиада ойындары.

Жылдың айтулы спорт оқиғасы деп әрине, Бразилия төрінде өткен Олимпиадалық ойындарды айтамыз. Сол дүбірлі жарысқа аз ғана уақыт қалғанда, үкілеп отырған, көп үміт күткен бірнеше спортшымызды додадан шеттетті.

Атап айтқанда, зілтемір көтеруден Лондонда алтын жаудырған Илья Ильин, Зүлфия Чиншанло, Мая Манеза, Светлана Подобедовалар Риоға барған жоқ. Төрт жылда бір болатын осынау аламанға барған спортшыларымыз оларды жоқтатқан жоқ. Қанжығалары майланып қайтты.

Дегенмен, бұл мәселе Олимпиададан кейін де жалғасты. Бүкіләлемдік допингке қарсы агенттік аталған спортшыларды атақтарынан айыру жөнінде мәселе көтерді және дегендеріне жетті.

Айнұр ОМАР


Хабарламаларға жазылу