Физика номинациясы бойынша Нобель лауреаттары жарияланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Физика номинациясы бойынша Нобель лауреаттары жарияланды

05.10.2021

Бірнеше сағат бұрын Стокгольмдегі Нобель комитеті физика номинациясы бойынша 2021 жылдың лауреаттарын атады.

Олар – америкалық Сюкуро Манабэ, германиялық Клаус Хассельман және италиялық Джорджо Паризи. Бұл ғалымдар Жер климатын модельдеп, кешенді физикалық жүйелерді түсіну жолында айтулы жаңалықтар ашқаны үшін құнды жүлдеге ие болып отыр. 1 миллион 150 мың доллардың жартысы Манабэ мен Хассельманға, екінші бөлігі Паризиге беріледі. Былтырғыдай, биыл да әлемдегі денсаулық сақтау дағдарысына байланысты Швеция астанасында банкет өтпейді. Жүлдегерлер нобельдік медальдары мен дипломадарын өз елдерінде алады.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу