Өзбекстанда президент сайлауының нәтижесі бүгін белгілі болады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өзбекстанда президент сайлауының нәтижесі бүгін белгілі болады

10.07.2023

Өзбекстанда кезектен тыс президент сайлауына дауыс беру аяқталды. Елдің Орталық сайлау комиссиясы оның қорытындысын бүгін жариялайды.

Өзбекстанның Еуропа мен АҚШ-тағы сайлау учаскелерінде дауыс беру әлі жүріп жатыр. Кешегі мәліметтерге сай, сайлаушылардың 33 пайыздан астамы саяси науқанға қатысқан. Өзбекстанда президент сайлауы кеше, шілденің 9-ы күні өтті. Мемлекет басшысы лауазымына 4 үміткер бақ сынасып жатыр. Олар: қазіргі президент Шавкат Мирзиёев, экологиялық партия атынан Абдушукур Хамзаев, сенатор Робахон Махмудова, Халықтық-демократиялық партия атынан шыққан Улугбек Иноятов.


Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу