Оған себеп те жоқ емес. Кезінде серпінді жобалардың сапынан көрінген көп кәсіпорынның қазіргі күйі мүшкіл.
«Әкім бол, халқыңа жақын бол!». Ақордада өткен кеңесте осы тәмсілді тағы бір еске салған Президент шаруасына шыр бітпей, қазына қаржысын ұқсата алмай отырған аймақтардың, ер-тоқымдары мойындарына кетіп, сылбыр жүрген әкімдердің жұмысын сынға алды. Оған себеп те жоқ емес.
Кезінде серпінді жобалардың сапынан көрініп, көсегемізді көгертеді деген көп кәсіпорынның қазіргі күйі мүшкіл, шала жансар. Кейбірі тіпті тұралап тұр. Әкімдер дайын өндіріске инвестиция тартуға икемсіз. Сондықтан, аймақ басшылары барға қанағат, жоққа салауат айтып отырмай, ширақ шешімдермен жұмыстарын ширатуы тиіс.
Жұмыссыздықты азайту. Экономикалық өсімді өрістету. Бюджет кірісінің кемуіне қарамастан, әлеуметтік міндеттерді сақтау. Халықтың әл-ауқатын әлсіретпеу. Міне, бұл атқарушы билік пен аймақ әкімдерінің негізгі міндеті.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
Шикізат бағасы төмендеді. Ресей, Украина экономикасы құлдырады. Басқалары да жетісіп тұрған жоқ. Олар мен біздің жағдай тығыз байланысты.
Қаржылық дағдарыс қыспаққа алған тұста экономиканы алға сүйрейтін сала ол - индустриалды инновациялық даму бағдарламасы болды. Осы жылдар ішінде 900-ге жуық жаңа өндіріс ашылды. Алайда, кемшіліктер де жоқ емес.
Мәселен, Ақтөбе, Маңғыстау және ШҚО-дағы 21 кәсіпорын қаңырап тұрса, 13 жоба тиімсіз деп мүлдем тізімнен сызылған. Ал, «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша жыл басында бөлінген 840 миллиард теңге әлі иесіне жетпей жүр. Жоспарға сай қаржы наурыз айынан бастап, игілікке жарауы тиіс-тін. Дағдарыс ширақ қимылды талап етеді. Шығынды азайтып, әр тиынды тиімді жұмсау міндет.

Әкімдер айтыңдаршы біреуің, ақшаны игере алмай отырсыңдар ма? Керек жоқ па? Кім айтады?
Нұрмұхамбет Әбдібеков, Қарағанды облысының әкімі:
Жұмыс істеп жатырмыз. «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша бөлінген қаржының бәрі игерілетін болады.
Бақытжан Сағынтаев, ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары:
Кезінде бөлінген қаржыға әкімшілер конкурс өткізу керек. Жеңгендерімен келісім шарт жасау керек. Сол жағынан үлгермей жатқан болуы керек. Бірақ, 8 пайыздың өзін толық игермей жатыр. Сондықтан, дұрыс айтып отырсыз. Біздің тарапымыздан да кемшіліктер бар.
Жалпы, жаһанды жайлаған дағдарысқа қарамастан, өңдеуші сала биыл сәл де болса өсті. Ауыл шаруашылығы 2,6 пайыз, көлік саласы 4 пайыз, құрылыс 6,5 пайызға артты.
Тоғыз облыста өндіріс көлемі оң нәтиже көрсетті. Машина жасау өндірісі 7 есе, тамақ өнеркәсібі 30 пайыз, мұнай өнімдері өндірісі 81 пайыз өсті. Бұл тікелей шетел қаражатын тартудың нәтижесі.
Өңдеу өндірісі өркендеген өңірлер тізімін 11 пайыз өсіммен Ақмола облысы бастап тұр. ОҚО 5,5 пайызға, Жамбыл 4 пайыз, ШҚО экономикасы 3 пайызға өскен. Аймақтардың арасында экономикасы кері кеткен өңірлер де бар.
Дәл қазір, босаңситын кез емес. Президенттің аймақтардағы өкілдері әкімдер етек-жеңді жиып, жүйелі жұмыс жүргізіп, жүктелген міндеттерді шашау шығармай орындауы тиіс. Аймақ басшыларына айтылған сын-ескертпе аз емес. Маңыздысы, сыннан нәтиже шығару.
Мақсат - ортақ, мұрат - бір. Ол ынтымақты тірлік құру. Сондықтан, Отанымыздың болашағы, ел тыныштығы қазір әр қазақстандықтың қолында тұр. Осы жауапкершілікті сезіну, бейбіт өмірді бағалау баршаға парыз, деді Президент.

Әлихан Бөкейхановтың айтқан сөзі еске түседі. «Бостандыққа апаратын, сақтайтын жалғыз жол – ұлттық ынтымақ қана». Осыған қосып айтатын нәрсе бар ма? Сондықтан, елдің бірлігін сақтап, шашпай-төкпей, 25 жылдықты әлем елдері алдында атап өту қажет.
Тұрақтылық пен елдің бірлігі осы уақытта өте қажет. Берген сенімді ақтай біліңіздер. Бүгін берілген тапсырмалар, айтқан ұғымдарымыз мүлтіксіз орындалуы тиіс. Өзге елдің табасына қалмайық. Олардың қателігін қайталамайық.
Азаттықтың әр жылы қазақ үшін табысты болды. Мемлекеттің шекарасы шегенделіп, халықаралық қауымдастық Қазақстанды мойындады. Қысқа уақытта ел экономикасы еселеп дамып, тұрғындардың тұрмысы түзелді. Қоғамдағы тұрақтылық пен әр қазақстандықтың өмір сүру деңгейін көтеру – мемлекеттің басты қағидаты.
Ғабит БӨКЕНБАЙ