Ал, Иракта Мосулды қайтару операциясы жүріп жатыр.
Осы аптада халықаралық ақпарат құралдарында басты тақырыпқа айналған жаңалықтардың бірі – ежелгі Пальмираның «ДАИШ» қарулы тобынан азат етілуі. Сонымен қатар, Иракта да бұл радикалдық ұйымға қарсы ауқымды шабуыл басталды. Америкалық әскерилер жеңіс күні алыс емес дейді. Бірақ, сол босатылған қалаларда бейбітшілік орнай қоя ма?
Осыдан екі жылдай бұрын Ирак пен Сирияның айтарлықтай бөлігін басып алып, әлемге «Халифат құрдық» деп жар салған «ДАИШ» қарулы тобының әскери айбыны бұрынғыдай емес.
Апта бұрын Сирияның ежелгі Пальмирасы үкіметтің қарамағына өтті. Ал, Иракта Мосулды қайтару операциясы жүріп жатыр. «ДАИШ» соңғы тоғыз айға жуық уақытта майдан шебінде айтарлықтай қарсы шабуылмен көзге түспеген. Ал, америкалықтарға сенсек, бұл топ АҚШ-тың авиациялық соққыларынан үш күнде бір лидерін жоғалтып отыр. АҚШ Қорғаныс министрінің орынбасары Роберт Уорк «Вашингтон пост» газеті ұйымдастырған конференцияда мәлімдегендей, қсықасы, бұл соғыста «ДАИШ» жеңілуге жақын.
«ДАИШ» күйреуге жақын. Оған қарсы науқан бұған дейін осынша жақсы болған жоқ. «ДАИШ» қазір коалицияның үлкен қысымына ұшырап отыр. Сирия мен Ирактағы әскерлер бұл «қатерлі ісіктің» әрі қарай жайылуына жол берер емес. «ДАИШ» қаржы тапшылығын да сезіне бастады».
Өткен аптада Сирия армиясы Иранның, ливандық «Хезболла» қозғалысының және Ресей әуе күштерінің көмегімен Пальмира қаласын «ДАИШ-тан» азат етті. Әскери сарапшылардың ойынша, бұл радикалдық топ үшін – ең ірі жеңіліс.
Әлемнің талай елінде террористік ұйым деп танылған «ДАИШ» Пальмирада Рим империясынан қалған мыңдаған жылдық тарихы бар храмдарды, кесенелерді, Жеңіс аркасын қиратып, жергілікті мұражайдағы құнды жәрігерлерді сатып жіберген.
Ал, наурыздың 27-де Ирак армиясы АҚШ-тың қолдауымен 2 миллион тұрғыны бар Мосулды экстремистерден босату үшін солтүстіктегі Махмур қаласының маңына шоғырланды. Бұл науқанға «Жеңіс операциясы» деген ат берілді. Оған күрдтердің пешмерга жасақтары да қатысып жатыр.
Ирак армиясының офицері:
«Жеңіс» операциясына сәйкес, қарулы күштеріміз Мосулды босату үшін үш тараптан шабуылға кірісті. Біздің әскерлер солтүстікте басымдық байқатып отыр. Рухымыз биік, алға қойған мақсатымызға жетеміз. Қазірдің өзінде қала маңындағы бірнеше ауылға басып кірдік.
Пентагон өкілдері де, Ирак армиясы да Мосулды жыл соңынан дейін алудан үмітті. Бұл операция басталғанда алып шаһар маңындағы елді мекендерден сан мың адам босып кетті. Олар бір кездері Ирактың шииттік үкіметінен қысым көргендіктен, «ДАИШ-ты» құшақ жая қарсы алғанды. Бірақ, үміттері ақталмады.
Радикалдардың қатаң тәртібі өз алдына, олар басып алған аудандарда экономикалық жағдай тым нашарлап кетті. Сондықтан, халық осы соғысты пайдаланып қазір қауіпсіз аудандарға қашып жатыр.
Науфал Алагоб, Ниневех провинциясының губернаторы:
«ДАИШ-тың» бақылауындағы аудандардан қашқандардың саны 2 мыңға жуықтап қалды. Ниневех провинциясы әкімшілігінде олардың мұқтаждықтарын өтейтін мүмкіндік жеткіліксіз. Сондықтан, федералдық үкіметтен, донор-мемлекеттерден, Біріккен Ұлттар Ұйымынан гуманитарлық көмек сұрауға мәжбүрміз.
Мосул әйтеуір бір азат етілер. Бірақ, оны келешекте кім басқаруы керек? Бұл мәселе де жаңа бір жанжалға себеп болуы ғажап емес. Өйткені, қазірдің өзінде Мосулға шииттердің де, күрдтердің де таласы бар екені байқалып отыр.
«ДАИШ-тың» іс жүзіндегі астанасы Ракканы алу операциясы тіпті басталған да жоқ. Себебі, оған да болашақта арабтар ма, күрдтер ме билік етуі керек деген проблема шешілмей отыр.
Дегенмен, осыдан 4 күн бұрын «Интерфакс» агенттігі Ресей Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап хабарлағанындай, қазір Мәскеу мен Вашингтон Ракканы «ДАИШ-тан» бірлесіп босатудың нақты әскери жолдарын талқылап жатыр. АҚШ Мемлекеттік хатшысының мәлімдеуінше, босатылған аумақтарды нәсілшілдік пен діни кемсітуге жол берілмеуі керек.
Джон Керри, АҚШ Мемлекеттік хатшысы:
Біз болашақта босатылатын территорияларда азшылықтарды қорғау мәселесін ескеретін боламыз. Ирак пен Сирияда «ДАИШтан» азат етілетін аумақтарда этникалық топтарды қамқорлыққа алу Таяу Шығыстың келешегін айқындайтынын ұмытпауымыз керек.
Америкалық әскерилердің мәліметіне қарағанда, «ДАИШ» 2014 жылы басып алған жерлерінің 40 пайызын жоғалтқан. Ол мұнай сату қиындағандықтан, табысының да 40 пайызынан айырылып отыр. Бұл жағдай соңғы айларда радикалдардың әлемдегі үгіт-насихатын да әлсіретті. «ДАИШтың» қатарында дүниежүзінің 100-ден астам елінен 30 мыңнан астам содыр соғысып жатыр.
Сирия мен Иракта жеңіліске ұшыраған сайын олардың Жер шарының өзге елдерінде шабуылдары жиілейді деген болжам бар. «Енді Брюссель мен Париждегідей терактілерге жол бермеу үшін халықаралық қауымдастыққа үлкен ынтымақ керек», дейді сарапшылар.
Арыстан РЫСБЕК