Бұл мемлекеттер жаңа бастамаға өзге елдер қосылғанда ғана айтқандарын орындауға дайын.
Осы аптада әлемнің төрт ірі экспортері – Ресей, Сауд Арабиясы, Венесуэла, Катар мұнай өндірісін қаңтардағы деңгейден асырмауға келісті. Сөйте тұра, бұл мемлекеттер жаңа бастамаға өзге елдер қосылғанда ғана айтқандарын орындауға дайын.
Дохадан жеткен бұл жаңалық әлемде шикізат бағасын көтере алмады. Өйткені, санкциядан биыл ғана босатылған Иран мұнай қанша жерден арзандаса да баяғы клиенттерін қайтару үшін өндірісті де, экспортты да шамаламақ емес. Оның үстіне АҚШ-та энергетикалық отын қоры көбейді деген мәлімет бар.
Осыдан екі күн бұрын Лондон мен Нью-Йорк биржаларында мұнай баррелінің құны шамамен 4 пайызға жуық төмендеп, 29-33 долларға сатылды.
Дохадағы уағдаластыққа қосылған Сауд Арабиясы апта соңында өндірісті қысқартуға әзір емеспіз деп өзге бір мәлімдеме жасады. Соған қарағанда, бұл монархия аймақтағы басты бәсекелесі - Иранның төрттік келісіміне қосылатындығына мүлде сенбейтін тәрізді.
Ипек Озкардеская, нарық сарапшысы:
Күмәнім жоқ, Иран Сауд Арабиясына қысым жасап отыр. Өздеріңіз білесіздер, қанша жерден қауіпті болса да, ол бұл әрекетін тоқтатпайды. Мен сенбеймін, Тегеран қандай да бір келісімге қосылады дегенге.
Көптеген сарапшылар Катарда Саудия мен Ресейдің мәмілеге келуі күндердің күнінде Сирия мен Йемендегі соғысты тоқтатуға да жол ашады деп үміттеніп отыр.
Бірақ, өзге бір бақылаушылардың пікірінше, мұнай қымбаттап, валютасы көбейсе, шииттер жағындағы Мәскеу мен сүнниттерді қолдайтын Эр-Рияд қарулы қақтығыстарға молырақ ақша жұмсап, бейбітшілікке жету жолын қиындата ма деген күдік тағы бар.
Десек те, қаңтардың 19-да жарияланған ақпаратқа жүгінсек, Ресей де, Сауд Арабиясы да Сириядағы жанжалды доғаруға мүдделі. Кремльдің баспасөз қызметі хабарлағандай, Президент Владимир Путин бұл мәселені талқылау үшін тіпті король Салманды Мәскеуге шақырған.
Арыстан РЫСБЕК