ОПЕК+ елдері қазан айында мұнай өндіру көлемін күніне 100 мың баррельге азайтады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ОПЕК+ елдері қазан айында мұнай өндіру көлемін күніне 100 мың баррельге азайтады

06.09.2022

ОПЕК+ елдері қазан айында мұнай өндіру көлемін күніне 100 мың баррельге азайтады. Мұндай шешім мұнай экспорттаушы елдер ұйымының кешегі кездесуінде қабылданды. Тараптар биыл алғаш рет шикізат өндірісін азайтуға келісіп отыр. Бұған дейін олар өндірісті күніне 648 мың баррельге арттыру туралы шешімге келген. Financial Times бұл ұсынысқа ОПЕК-тегі ең ірі мұнай өндіруші ел Сауд Арабиясы қарсы болғанын жазды. Дегенмен Украинадағы жағдайға байланысты бірқатар ел Ресейден мұнай сатып алудан бас тартты. Кейін нарықта шикізат тапшылығының алдын алу үшін Эр-Рияд қара алтын өндірісін арттыруға келісті. Қазір әлем нарығында Brent сұрыпты шикізат 92 долларға дейін арзандады. АҚШ мұнайының баррелі 86 долларға сатылып жатыр.

Ақерке Бектас

Хабарламаларға жазылу