Нұрсұлтан Назарбаев Франция Президенті Франсуа Олландқа көңіл айту жеделхатын жолдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нұрсұлтан Назарбаев Франция Президенті Франсуа Олландқа көңіл айту жеделхатын жолдады

15.11.2015
Нұрсұлтан Назарбаев Франция Президенті Франсуа Олландқа көңіл айту жеделхатын жолдады
Жеделхатта Париж қаласында жасалған жантүршігерлік әрекеттер салдарынан көп адамның қаза болғаны туралы суыт хабарды Қазақстан Президенті зор күйзеліспен қабылдағаны айтылған.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Парижде болған террорлық оқиғаларға байланысты Франция Президенті Франсуа Олландқа көңіл айту жеделхатын жолдады.

Жеделхатта Париж қаласында жасалған жантүршігерлік әрекеттер салдарынан көп адамның қаза болғаны туралы суыт хабарды Қазақстан Президенті зор күйзеліспен қабылдағаны айтылған.

«Қазіргі таңда терроризмнің етек алуы барлық мемлекеттер үшін ортақ қауіп-қатерге айналып отыр. Қазақстан халықаралық қауіпсіздікке қатер төндіретін лаңкестік пен экстремизмнің кез келген түрін айыптайды», – делінген жеделхатта.

Нұрсұлтан Назарбаев қасірет құрбандарының туған-туыстары мен жақындарына, сондай-ақ, барша Франция халқына жеке өзінің және Қазақстан халқының атынан көңіл айтты.

Айбек ҚОБДАБАЙ

Хабарламаларға жазылу