Келесі аптадан бастап аймақ әкімдері Астанаға келіп, есеп береді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Келесі аптадан бастап аймақ әкімдері Астанаға келіп, есеп береді

15.11.2015
Келесі аптадан бастап аймақ әкімдері Астанаға келіп, есеп береді
Өңірлердегі ахуал, атқарылған жұмыс пен жоспары, әттегенайлары да сөз болады.

Бір жыл бұрын әкімшілік реформаға сай Үкімет пен әкімдіктер арасындағы өкілеттілік нақтыланды. Әр өңірге тиісті ресурстар беріліп, жергілілікті атқарушы билік күшейтілді.

Құлағдар болыңыз, келесі аптадан бастап елдегі барлық аймақтардың әкімдері Астанадағы Орталық коммуникациялар қызметіне келіп, кезек-кезек есеп береді.

Өңірлердегі ахуал, атқарылған жұмыс пен жоспары, әттегенайлары да сөз болады. Бұқаралық ақпарат құралдарын қарай отырыңыздар, толық мәліметтер беруге тырысамыз.

Айбек ҚОБДАБАЙ

Хабарламаларға жазылу