«Алтын тұлпар» бәйгесінде жамбылдық Ақжол Жұматай бас жүлдені иеленді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Алтын тұлпар» бәйгесінде жамбылдық Ақжол Жұматай бас жүлдені иеленді

06.09.2015
«Алтын тұлпар» бәйгесінде жамбылдық Ақжол Жұматай  бас жүлдені иеленді

Қазақ хандығының тойына тарту. Аламан десе арқасы қозатын Алаш баласы үшін айтарымыз бар. Астана маңындағы Қабанбай ауылында тұяғымен жер тарпыған тұлпарлардың үздігін анықтаған «Алтын тұлпар»  бәйгесі өтті. Осымен екінші рет ұйымдастырылған ат жарыс биыл 51 шақырымға созылды.

Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған дүбірлі доданың өтуіне Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы мен «Нұр Отан» партиясы ұйытқы болды. Оған еліміздің барлық аймақтарынан келген 100-ге жуық сәйгүлік қатысты.

Бәйгенің бас жүлдесін «Самал» деген сәйгүлікке мінген қордайлық Ақжол Жұматай  қанжығасына байлады. Ал, көмбеге екінші болып, павлодарлық Мейірхан Дәуелов баптаған «Бейбарыс» есімді тұлпар келсе, үздік үштікті Алматы облысы Олжас Қойшыбектің «Жаннұр» деген бәйгесі түйіндеді.

Сондай-ақ, ұйымдастырушылар алғаш келген 9 тұлпарға ақшалай сыйлық табыстады.

Рустам БАЙДӘУЛЕТ

Хабарламаларға жазылу