Елімізге Иранның сыртқы істер министрі Мохаммад Джавад Зариф келді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізге Иранның сыртқы істер министрі Мохаммад Джавад Зариф келді

19.04.2015
Елімізге Иранның сыртқы істер министрі Мохаммад Джавад Зариф келді

Ядролық қаруға қатысты Батысқа есе жібермей, ұлт батыры ретінде танылған Иранның сыртқы істер министрі Мохаммад Джавад Зариф осы аптада Астанаға келіп кетті. Ақордада Мемлекет басшысымен кездесті.

Президент министрді Иранның сыртқы саясаттағы жемісті жұмысы арқылы қол жеткен Лозанна келіссөздерінің нәтижесімен құттықтады. Мохаммад Джавад Зариф  Елбасыға Иран президенті Хасан Руханидің сәлемін жеткізді және «алтылық» елдерімен Иранның ядролық мәселесі бойынша келіссөздер өткізуге көмектескені үшін айрықша ризашылығын білдірді.

Осы аптада Мемлекет басшысы Қытайдың Қазақстандағы елшісі Чжан Ханьхуэйді де қабылдады. Кездесуде қазақ-қытай қарым-қатынасы мен Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпиннің алдағы мемлекеттік сапары талқыланды.

Президент сондай-ақ, француздық «Тоталь» компаниясының президенті Патрик Пуяннені де қабылдады. Ынтымақты нығайту жайы мен алдағы жоспарлар талқыланды. Мұнай-газ саласындағы «Тоталь» компаниясы біздің елде 1993 жылдан бастап жұмыс істейді.

Мейіржан ӘЛІБЕКҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу