Төлі мен гүлін көтерген көктем жетті (БЕЙНЕБАЯН) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Төлі мен гүлін көтерген көктем жетті (БЕЙНЕБАЯН)

15.03.2015
Төлі мен гүлін көтерген көктем жетті  (БЕЙНЕБАЯН)

Біз астаналықтар «күпімізді тастасақ екен, жеңіл киінуді бастасақ екен», деп күннің күлімдегенін күтіп жүрміз. Кей өңірлерде көктем. Қылышын қынабына қайта салып, кәрін төккіш қыс кетті. Төлі мен гүлін көтерген көктем жетті.

Кеше батыстағы ағайын «Көрісу» мерекесін атап өтті. Көрісу – Ұлыстың ұлы күні жақындағанын білдіретін ұлық күн. Өкпе-ренішті қоятын күн, бауырсаққа тоятын күн, семіз малды соятын күн.

Осы уақыттан бастап, күннің көзі елжіреп, түйе боздап, қой қоздап бар мал өріске шықты. Ел-жұрт емен-жарқын жер аяғы кеңігенше деп жоспарлаған тіршілігіне  кірісті. Қазір сол көктемнің берекелі күндерінен бейнеүзік қараңыз.

Қалила АМАНҚҰЛОВА

Хабарламаларға жазылу