Алматы зообағында керік төлдеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы зообағында керік төлдеді

23.09.2014
Алматы зообағында керік төлдеді

Алматы хайуанаттар бағында керіктің төлі дүниеге келді, деп хабарлайды зообақтың баспасөз хатшысы Михаил Сорокоумов.

Баспасөз хатшысының айтуынша, 1 ай бұрын дүниеге келген керікті ешкімге көрсетпеген. Сондай-ақ, кішкентай жануарға әлі ат та берілмеген.

Бойы 2 метрге жуықтайтын керікті екі күн бұрын отарына қосқан. Қазір ол өзін жақсы сезінеді.

Айта кету керек, бұл Алматы хайуанаттар бағында дүниеге келген керіктің алтыншы төлі.

Хабарламаларға жазылу