Әулиеата жерінде өткен жарысқа кеше 12 елден 60 палуан қатысты. Аса тартысты сайыста Моңғолия құрамасы қарсылас шақ келтірмей, бас жүлдені жеңіп алды.
Біздің палуандар екінші орында. Үздік үштікті Грузия командасы түйіндеді. Абзал Арыстанбеков, Қайрат Ағыбаев, Дәулетхан Жақыпов, Мұхит Тұрсынов және Айбек Нұғымаров өнер көрсеткен «Еуразия барысының» ең ұтымды сәттерінен қазір көрініс қараңыз.