Басты Жаңалықтар Нұрсұлтан Назарбаев Мұхаммед бен Заид Әл Нахайянмен кездесті

Нұрсұлтан Назарбаев Мұхаммед бен Заид Әл Нахайянмен кездесті

Нұрсұлтан Назарбаев Мұхаммед бен Заид Әл Нахайянмен кездесті

Президент Нұрсұлтан Назарбаев осы сапар кезінде Әбу-Дабидің мұрагер ханзадасы, Біріккен Араб Әмірліктері Қарулы күштерінің Жоғарғы бас қолбасшысының орынбасары Мұхаммед бен Заид Әл Нахайянмен кездесті.

Сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты қарым-қатынастардың салмақты тұстарын таразылады. Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев пен Мұхаммед бен Заид Әл-Нахайян өңірлік және күн тәртібінде тұрған халықаралық өзекті мәселелерді де қалыс қалдырмады.

Мемлекет басшысы Біріккен Араб Әмірліктерінің даму қарқыны жоғары екенін, екі ел арасындағы өзара іс-қимыл соңғы жылдары барлық бағыт бойынша нығайғанын айтты.

Кездесуде Таяу Шығыс елдерінің ішінде БАӘ-нің Қазақстандағы негізгі инвесторлардың бірі болып отырғаны да айтылды. Тығыз ынтымақтың мысалдары ретінде Астанадағы көпфункционалды «Әбу-Даби Плаза» кешенінің құрылысын, «Al Hilal Bank» пен Қазақстандағы «Фалах» бірлескен инвестициялық қордың қызметін айтсақ болар. 

Бөлісу