Осы аптаның басы Білім күнімен ерекшеленді. Қазақ даласының қиыр-қиырында сыңғырлап алғашқы қоңырау соғылды. Елдегі 7600 мектепте 2 миллион 600 мың бала партаға отырды.
300 мың бүлдіршін мектеп табалдырығын алғаш рет аттады. Шәкірттердің саны былтырғыдан 70 мың адамға көп екен. Бала санының көптігі әлеуметтің әл-ауқатын бағамдаса керек.
Қазір сол Білім күнінен бейнеүзінді көріңіз.