Қазақстан энергия өндіретін үздік ондыққа енуге ниетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан энергия өндіретін үздік ондыққа енуге ниетті

27.11.2014
Қазақстан энергия өндіретін үздік ондыққа енуге ниетті

Елімізде табиғи газды өндіру бойынша зор мүмкіндік бар.

Сондай-ақ, қатпарлы газ өндіру жобалары да қолға алынбақ.

Бұл туралы Астанада өтіп жатқан Энергетикалық Хартия конференциясының 25-сессиясында Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов жеткізді.

Энергетикалық нарықтағы өзара байланыстарды орнатуда Энергетикалық хартияның маңызы зор. Қазақстан бұл жиынға биыл алғаш рет төрағалық етіп отыр.

Астанадағы басқосу «Транзиттік дәліздерді дамыту - жаһандық энергетикалық қауіпсіздіктің кілті» тақырыбында өрбіді.

 

Шынар АСАНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу