Бұл сауалдың жауабы бүгін анықталады.
Бірнеше сағаттан кейін Венада ОPEC елдерінің министрлер кездесуі басталады. Онда талқыланатын басты мәселе – өндірісті төмендетіп, «қара алтын» құнын қайта көтеру.
Алайда, Парсы шығанағындағы 4 монархия - Сауд Арабиясы, Катар, Біріккен Араб Әмірліктері және Кувейт мұндай қадамға бармайтынын мәлімдеп үлгерді.
Демек, соңғы 5 айда 30 пайызға арзандаған мұнай тағы да құнсыздануы мүмкін.
Арыстан РЫСБЕК