ЕАЭО елдерінің ең жас және қарт министрлері белгілі болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ЕАЭО елдерінің ең жас және қарт министрлері белгілі болды

22.01.2021
ЕАЭО елдерінің ең жас және қарт министрлері белгілі болды

Ranking.kz сапаршылары ЕАЭО елдерінің ең жас және егде жастағы министрлерін анықтады. 2021 жылдың басында одақ елдерінің министрлерінің орташа жасы 49,2-ні құрады.

Ең жас министрлер Арменияда жұмыс істейді. Олардың орташа жасы 45,3. Ал ең қарт министрлер Ресейде - орташа жасы 52,2.

Қазақстандағы министрлердің орташа жасы 48-ді құрайды. Егде жастағы министрлер - Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев пен Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев (58 жаста). Ал ең жасы - Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев (33 жаста).

Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің ішіндегі ең кәрі министр - Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров (70 жаста). Ең жасы - Арменияның әділет министрі Рустам Бадасян (30 жаста).





Хабарламаларға жазылу