Ақбота-Нұр Сейітмағанбет: 13 жасымда Нұр жалғауын жалғап Ақбота-Нұр болдым - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақбота-Нұр Сейітмағанбет: 13 жасымда Нұр жалғауын жалғап Ақбота-Нұр болдым

24.05.2018

«Нұр» деген жалғауды жайдан-жай қосқан жоқпын. Марқұм анамның есімі Нұрия, бауырымның есімі – Нұрсұлтан. Сондықтан, мен ойланып, неге менде Ақбота ғана, неге Нұр жоқ деп 13 жасымда апама жылап жүріп, әнші болсам да, актриса болсам да Ақбота-Нұр боламын деп осы тіркесті жалғадық»,-дейді «Түнгі студия» бағдарламасына қонаққа келген Ақбота-Нұр Сейітмағанбет.

5 жыл биге қатысып, 7 жыл скрипкада ойнаған Ақбота-Нұр Ж.Елебеков атындағы эстрада-цирк колледжіне оқуға түсіп, тәмамдайды.

Қазір А.Сейітмағанбет жеке әнші ретінде өзін саханада көрсетіп жүр. Топта және жеке әнші ретінде ән айтудың айырмашылықтарына тоқалған А.Сейітмағанбет былай деді: «Топта жүргенде таңертең жүгіріп, биге барамыз, 8 сағат вокалға барамыз, диетаға отырамыз, кешке түсірілімдерге қатысамыз. Ал жеке әнші ретінде барғым келген уақытта актерлік шеберлікке, вокалға барамын, асықпай, баламнан босаған уақытта барамын.

Жұмысқа келген кезде жеке әнші ретінде қиынырақ болып тұр. Алғаш рет жеке әнші ретінде әндерімді шығарып жатырмын. Алғаш рет продюсерсіз жұмыс істеп жатырмын. Ал ол кезде бізге продюсер, директор, музыкалық продюсеріміз ойластыратын, тауып беретін. Біз тек дайынға барамыз, дайындаламыз, жұтамыз. Қазіргі уақытта ізденесің, табасың, көресің. Егер ұнамаса алмайсың. Ән сапарға жүргенде сахнаға бір өзім шыққан кезде көзқарасы, қошеметі тек қана сенде болады. Бастапқы кезде қорықтым. 70 пайыз айырмашылық бар».

Хабарламаларға жазылу