«Сәлем, Қазақстан!» жобасының қонағы Ақбота Керімбекованың концертіне тегін билеттерді ұтып ал - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Сәлем, Қазақстан!» жобасының қонағы Ақбота Керімбекованың концертіне тегін билеттерді ұтып ал

25.03.2016
«Сәлем, Қазақстан!» жобасының қонағы Ақбота Керімбекованың концертіне тегін билеттерді ұтып ал

Қазақ әндерін әуелете салған әншілер арасында гитарашы қыздардың орны бөлек. Гүлмира Ақүрпекова, Баян Нұрмышевалардың қатарында бір кездері Ақбота Керімбекова да бар-тын. Алайда, кейінгі кездері әнші гитарасын тастап, қалың көпшілікті әсем дауысымен-ақ  баурап келеді.

Айта кету керек, әншіні танымал еткен «Аппақ гүлдер» әні. Ақбота Керімбекова үшін бұл ән өнердегі «төлқұжаты» іспетті.

Ұлттық арнадан көрерменге жол тартқан «Сәлем, Қазақстан!» жобасының 31 наурыз күні 19:00-де болатын кезекті түсірілімінде Ақбота Керімбекова қонақта.

Әншінің концертіне билет ұтып алуға кез келген көрерменнің  мүмкіндігі бар. Ол үшін ел тұрғындары arailym_kulmagan@mail.ru электронды поштасына Ақбота Керімбекованың концертінен түсірілген қызықты суретін не видеосын жолдаулары қажет.

Хабарламаларға жазылу