«Silk Way Star» сахнасында башқұрт әншісі биылғы жаздың хит әнін шырқады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Silk Way Star» сахнасында башқұрт әншісі биылғы жаздың хит әнін шырқады

14.10.2017

Башқұртстан елінің әншісі Ян Лира таңдаған ән 2017 жылдың жазын жаулап алды. Бұл әнді жас та, кәрі де түгел тыңдады. Нақтырақ айтар болсақ, бүгін Ян Лира «Despasito» әнін шырқады.

Жалпы, Ян Лира қатысқан, қатысатын жарыстардың барлығына оны анасы дайындайды екен. Соған байланысты «Silk Way Star» арқылы бүгін ол музыканың бір бөлшегі болғаны үшін өз анасына көп рахмет айтты.   

Қазылар алқасының мүшесі Фирдинант Салахов (Татарстан):

- Шын мәнінде мен мұндай орындау күтпеген едім. Барлығы тамаша болды. Егер әртіс көрерменді таңғалдыра білсе, қызығушылық тудыратыны анық. Дәл қазіргі уақытта сен мен үшін қызық әртіссің.

Естеріңізге сала кетейік, «SILK WAY STAR» халықаралық музыкалық байқауы «Qazaqstan» Ұлттық арнасынан әр сенбі сағат 21:15-те эфирге шығатын болады.

Хабарламаларға жазылу