Башқұрт әншісі Ян Лира: «Silk Way Star» жобасының бөлшегі болғаныма қуаныштымын - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Башқұрт әншісі Ян Лира: «Silk Way Star» жобасының бөлшегі болғаныма қуаныштымын

07.10.2017

Ян Лира – Башқұртстан Республикасының өкілі.

«Silk Way Star» - керемет, үлкен, жарқын жоба. Мен сол үлкен жобаның бөлшегі болғаныма қуаныштымын. Мені Қазақстанмен байланыстыратын дүние көп. Өйткені, дүние есігін ашқан кезімде алғаш рет қазақ жерінің ауасын жұтқан едім. Бірақ, содан кейін біз отанымызға көшіп кеттік», - дейді башқұрт әншісі. 

Кәсіби сахнада жүргеніне 6,5 жыл болған Ян «Кияуга» әнін орындады. 

Қазылар алқасының мүшесі Гүлнұр Сатылғанова (Қырғызстан):
«Ән мерекесі, достық мерекесі бәріңізге құтты болсын. Ән мен музыканың бізді біріктіргені нағыз керемет дер едім. Маған бәрі ұнады. Тембріңіз жағымды екен. Келесі байқау күндері кең диапозонды әндер таңдайсыз деген үміттемін».

Айта кетейік, бүгін Ұлттық арнадан «SILK WAY STAR» халықаралық музыкалық байқауы бастау алды. Мегажоба енді «Qazaqstan»  арнасынан әр сенбі сайын 21:15-те  эфирге шығатын болады.

Хабарламаларға жазылу