Ауғанстан астанасы Қабулде үйлену тойында жанкешті жасаған жарылыстан қаза тапқан 63 адамды жерлеу рәсімі өтті. Елдің ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, бұл шабуылдан 183 адам жараланған.
Алапат қантөгіс АҚШ пен «Талибан» қозғалысы Америка әскерін елден шығару туралы келіссөз жүргізіп жатқанда болды.
Әзірге жарылыс үшін ешқандай ұйым өз мойнына жауапкершілік алған жоқ. Тәліптер оған өздерінің қатысы жоқтығын мәлімдеп отыр. Дегенмен, өзге бір деректерге қарағанда, бұл шабуылды «Даиш» қарулы тобы жасаған.
Арыстан РЫСБЕК