Түркияның Хатай провинциясында орналасқан оқ-дәрі қоймасында жарылыс болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркияның Хатай провинциясында орналасқан оқ-дәрі қоймасында жарылыс болды

09.08.2019

Түркияның Сириямен шекаралас Хатай провинциясында орналасқан оқ-дәрі қоймасында бірнеше дүркін жарылыс болды. Құрбандар туралы мәлімет түскен жоқ. Бірақ, жақын маңдағы үйлердің тұрғындары қауіпсіз жерге көшірілген.

Рейханлы қаласында болған оқиғаның себебі әзірге белгісіз. Қазір қойма қоршалып, тергеу жүріп жатыр. Жарылыстан кейін өрт басталған.

Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, қаланың солтүстігіндегі автомагистраль жабылып, Рейханлыға бара жатқан көліктер тоқтатылып жатыр.

 

Арыстан РЫСБЕК

 

Хабарламаларға жазылу