Ресейде оқ-дәрі қоймасында жарылыс болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресейде оқ-дәрі қоймасында жарылыс болды

06.08.2019

Красонярск өлкесінің Ачинск ауданында әскери бөлімшенің оқ-дәрі қоймасындағы жарылыстың алдын-ала себебі анықталды. Ресей Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, апатқа әкелген өртке адамдық фактор себеп болуы мүмкін. Дегенмен, оқиғаның шын себебі тергеуден кейін белгілі болады.

Айта кетсек, дүйсенбі күні жергілікті уақытпен кешкі сағат 5-тер шамасында артиллериялық қоймадан өрт шықты. Соның салдарынан оқ-дәрі мен зымырандар жарылып, 12 адам зардап шекті. Олардың алтауы орташа халде ауруханада жатыр. Апаттан төнген қауіпке байланысты төтенше жағдай жарияланып, елді мекендерден 10 мыңға жуық адам эвакуцияланды.

Қазір өрт толықтай сөндірілген. Алайда, тұрғындарға үйлеріне қайтуға әзірге рұқсат берілмеді.

Қазір тергеу жүріп жатыр. Ал, жарылған қойманы 2022 жылға дейін таратып, онда сақталған оқ-дәрілерді жою жоспарланып отыр.

 

Жансая Қапасқызы

Хабарламаларға жазылу