Гонконг полициясы демонстранттарды тарату үшін көзді жасаурататын газ қаруын қолданды. Сонымен қатар 80-нен астам адам тұтқындалған. Мұнда маусымның 9-нан бері миллиондаған адам қылмысты деп танылған азаматтарды материктік Қытайға экстрадициялау туралы заңға наразылық білдірді. Қазір демонстранттар жергілікті үкіметке қарсы ұрандар көтеріп жатыр. Ал екі апта бойы үнсіз отырған Гонконг лидері Керри Лэм отставкаға кететінін мәлімдеді.
Компаниялар мен мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері жаппай ереуілге шыққандықтан, 230 әуе рейсі доғарылған немесе кейінге қалдырылған. Айта кетсек, Гонконг әуежайы жылына 70 миллиондай жолаушы қабылдайтындықтан, аймақтың хабы саналады.
Шерулер салдарынан арнайы әкімшілік ауданға баратын туристер саны азайып, қонаө үйлер босап жатыр. Болжамдарға қарағанда, саяси тұрақсыздық онсыз да өсімі баяулаған экономиканы, тіпті әлсіретуі мүмкін.
Арыстан РЫСБЕК