Оқиғадан үш адам жараланды. Бомбалардың бірі қолдан жасалса керек. Олардың біреуі қала орталығында, екіншісі үкімет үйінің маңында іске қосылған. Зардап шеккендердің екеуі – апалы-сіңлілі қыздар, біреуі – қауіпсіздік қызметкері.
Жарылыстар бүгін қалада Оңтүстік-Шығыс Азия мемлекеттері қауымдастығы – АСЕАН басқосуы басталғанда ұйымдастырылды. Кездесуге АҚШ, Қытай және өзге де әлемдік державалардың бас дипломаттары қатысып жатыр. Форумда АҚШ пен Қытай, Жапония мен Корея арасындағы сауда даулары және Солтүстік Кореяның баллистикалық зымыран ұшыруы тәрізді аймақтық проблемалар талқыланады.
Арыстан РЫСБЕК