Бразилия түрмесіндегі бүлік кезінде 57 сотталушы қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бразилия түрмесіндегі бүлік кезінде 57 сотталушы қаза тапты

30.07.2019

Олардың он алтысының басы кесілген. Қанды оқиға елдің солтүстігіндегі Пара провинциясында болды. Жергілікті үкіметтің мәлімдеуінше, қантөгіске екі қылмыстық топ арасындағы жанжал себепші. Олардың бірі екіншісінің камерасына от қойған. Сондықтан, полицейлерлер өртеніп жатқан түзеу мекемесіне бірнеше сағат бойы кіре алмады. Ал, «Ассоушиэйтид пресс» агенттігінің хабарлауынша, бұл түрме 163 адамға арналған. Бірақ, оған 343 қылмыскер қамалыпты.

Соңғы 30 жылда Бразилия абақтыларында жазасын өтеушілер саны сегіз есеге артып, 750 мыңға жетті. Ел президенті Жаир Болсанару түрмелердің санын тіпті көбейтіп, оларға бақылауды күшейтетінін мәлімдеп отыр.

2017 жылы бұл мемлекеттің бірнеше түрмесінде болған қақтығыстардан 150-ге жуық адам мерт болды. Сол кезде елдегі ең ірі екі есірткі картелінің мүшелері бір-біріне шабуыл жасаған.

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу