Колумбияда өрттен 51 жазасын өтеуші қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Колумбияда өрттен 51 жазасын өтеуші қаза тапты

29.06.2022

Колумбияның оңтүстік-батысындағы түрмеде бүлік шығып, өрттен 51 жазасын өтеуші қаза тапты. Оқиға Тулуа қаласында болған. 49 адам көтеріліс кезінде мерт болса, екеуі госпитальге барар жолда жан тәсілім еткен.

Бұл абақтыға 1267 адам қамалған. Оның 180 адамдық камерасы отқа ораныпты. Құрбандардың туған-туыстары түрме жанына жиналып, қайтыс болған жақындары туралы ақпарат беруді талап етіп жатыр.

Латын Америкасының өзге елдеріндегідей, Колумбия түрмелерінде де адам шектен тыс көп отыр. Ресми мәліметтерге қарағанда, мұндағы түзеу мекемелері жалпы алғанда 81 мың адамға ғана шақталғанымен, оларға 97 мыңға жуық қылмыскер тоғытылған.


Хабарламаларға жазылу