Олардың ішінде оқ атқан күдікті де бар. Тағы 15-і жараланған.
Оқиға жыл сайынғы «Сарымсақ фестивалінде» жергілікті уақытпен сағат 17.40-та болды. Полицияның хабарлауынша, күдікті мерекелік шараға кіру үшін дуалдан асып түскен. Оқиға орнына дереу жеткен тәртіп сақшылары оны қолға түсірді. Дегенмен, шабуылшы қарсылық көрсеткен соң, полиция оған қарсы оқ атуға мәжбүр болған. Күдіктінің мұндай әрекетке не себепті барғаны әзірге белгісіз.
Куәгерлердің айтуынша, оның сыбайласы болуы мүмкін. Сондықтан, оқиға орны жіті тексеріліп, тергеу жүргізіліп жатыр.
Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ