Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасындағы жағдай түске таман тұрақталды. Атыс тоқтатылған. Сол аумақтағы шекаралық бөлімшелер күшейтілген қызмет режиміне көшірілді. Оқиға болған Исфара – Ворух автожолындағы қозғалысқа шектеу қойылды. Қос тараптың құзырлы органдары жанжалдың өршуіне жол бермеу шараларын қарастырып жатқаны хабарланғанды. Еске салсақ, кеше Қырғызстан мен Тәжікстан мемлекеттік шекара учаскесінде қарулы қақтығыс болған еді. Бұған Тәжікстанның Ворух тұрғындары елді мекенінің кіре берісіне тутұғыр орнатуы сеп. Ал Қырғызстанға қарасты Ақсай ауылының азаматтары бұл әрекетке қарсы шығып, әуелі сөзге келген, кейін қару қолданған. Салдарынан 5 адам жарақаттанды.
Нысаналы ЫҒЫЛ