Қырымда Евпатория қаласындағы лагерьдің бірінен 54 адам ұшынып, ауруханаға түсті. Олардың 49-ы – бала, бесеуі – тәлімгер. Зардап шеккендердің барлығына дереу медициналық көмек көрсетілген. Дәрігерлердің айтуынша, қазір олардың жағдайы орташа және қалыпты.
Демалушы балалардың барлығы Татарстаннан барған. «Лучистый» лагерінің басшылығы ұшыну жағдайы болғанын растап отыр.
Оқиғаға байланысты Ресей Тергеу комитеті қылмыстық іс қозғады. Әзірге оның нақты себептері белгісіз. Қазір «тұтынушылардың өмірі мен денсаулығы үшін қауіпті қызмет көрсету», «санитарлық-эпидемиологиялық ережелерді бұзу» баптары бойынша тексеру жұмыстары жүріп жатыр.
Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ