Олар – елдің оңтүстік-батысында орналасқан Кюсю аралындағы үш қаланың тұрғындары. Жергілікті биліктің айтуынша, өңірге су тасқыны мен лай көшкіні қауіп төндіріп тұр. Сондықтан, халыққа апат туралы ескертіліп, оларды арнайы орталықтарға орналастыру жоспарланып отыр.
Бұған дейін, Кагосима қаласында лай көшкіні салдарынан егде жастағы әйел қаза тапқан.
Синоптиктердің хабарлауынша, алдағы күндері жауын-шашын күшейіп, оның мөлшері 35 сантиметрге дейін жетуі мүмкін. Ал, өткен аптадан бері бұл көрсеткіш кей аудандарда 900 милиметрден асып кеткен.
Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ