Еуроодаққа мүше елдердің көшбасшылары Еуропалық институттардың жаңа басшыларының кандидатурасын бекітті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еуроодаққа мүше елдердің көшбасшылары Еуропалық институттардың жаңа басшыларының кандидатурасын бекітті

03.07.2019

Еуропалық Орталық банктің басшысы қызметіне валюта қорының төрайымы Кристин Лагардты тағайындау ұсынылды Көптің шешімімен Еуропалық комиссияның төрағалығына Германияның қазіргі қорғаныс министрі Урсула фон дер Ляйен лайық деп танылды. Еуропалық Орталық банктің басшысы қызметіне валюта қорының төрайымы Кристин Лагардты тағайындау ұсынылды. Одақтың сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғарғы өкілі боп испандық саясаткер Жозеп Боррельді бекіту жоспарда бар. Аталған үш кандидатураны енді Еуропалық парламент бекітуі тиіс. Ал, үш күнге созылған Брюссельдегі келіссөздердің нәтижесінде Еуропалық кеңестің төрағасы болып Шарль Мишель тағайындалды. Бельгияның премьер-министрі Шарль Мишель енді 1-желтоқсаннан бастап 2,5 жыл бойы Еуропалық кеңесті басқарады.

Шарль Мишель Еуропалық Кеңестің жаңадан тағайындалған төрағасы:

Мен үшін Еуропалық кеңестің төрағасы болып тағайындалу үлкен құрмет, әрі үлкен жауапкершілік. Оны абыроймен атқаруға бар күшімді саламын. Қазір Еуропаның алдында көптеген түйткілді мәселер тұр. Менің мақсатым-ортақ жоба аясында Еуропалық комиссия, Еуропалық парламентпен қоян-қолтық жұмыс істеу. Біз ынтымақ, бостандық, өзара сыйластық сынды Одақтың басты құндылықтарын ұстана отырып, ортақ мүддеге жұмылуымыз керек.

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу