Еуропа одағы мен Оңтүстік Америка тарихындағы аса ірі сауда келісіміне қол қойды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еуропа одағы мен Оңтүстік Америка тарихындағы аса ірі сауда келісіміне қол қойды

02.07.2019

Еуропа одағы Оңтүстік Америкамен өз тарихындағы аса ірі сауда келісіміне қол қойды. Ол тіпті «ғасыр пәтуасы» деп аталып отыр. Брюссельде өткен баспасөз маслихатында айтылғандай, еуропалық кәсіпкерлерге Оңтүстік Американың төрт елінің нарығына есік ашылады. Есесіне, Бразилия, Аргентина, Парагвай, Уругвай бизнесмендері жарты миллиардтық тұрғыны бар еуропалық нарыққа жеңілдікпен кіреді.

Ортақ мәмілеге келу үшін тараптар 20 жыл бойы келіссөз жүргізді. Егер қатысушы елдердің парламенттері бұл құжатты ратификациялайтын болса, әлем картасында ортақ жалпы ішкі өнімі 21 триллион долларға,  халқының саны 770 миллионға жететін еркін сауда аймағы пайда болады.

 

Арыстан РЫСБЕК

 

Хабарламаларға жазылу