Грузияның әуе рейстеріне Ресейге ұшуға тыйым салынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Грузияның әуе рейстеріне Ресейге ұшуға тыйым салынды

24.06.2019

Ресей Грузиямен арадағы әуе рейстеріне шілденің 8-нен бастап тыйым салады. Бұл туралы президент Владимир Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков хабарлады. Оның айтуынша, Грузияда Ресейге деген өшпенділік өршіп тұр. Сондықтан, елдегі ресейлік саяхатшылар үйлеріне қайтарылып, туристік агенттіктердің Грузияға жолдама сатуына шектеу қойылды. Кремльдің мәлімдеуінше, бұл – уақытша қабылданған мәжбүрлі шара.

Ал, Тибилисиде маусымның 20-да басталған шерулер төрт күнге созылды. Демонстранттар Ресейді «басқыншы» деп айыптап, шеру барысында тәртіп сақшыларының күш қолданғанын сынады. Наразылықтардың алғашқы күнінде полициямен қақтығыс барысында 240-тан астам адам жараланған. Сондықтан, халық Ішкі істер министрінің де қызметтен кетуін талап етіп отыр.

 

Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ

 

 

Хабарламаларға жазылу