Коронавирусқа қатысты Үкімет кешенді шараларды қолға алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Коронавирусқа қатысты Үкімет кешенді шараларды қолға алды

12.03.2020

Ақорадан кейін үкімет мүшелері арнайы баспасөз мәслихатын өткізді. Президенттің тапсырмасына сай, Үкімет шұғыл қолға алатын кешенді шаралар туралы тілшілер қауымына жан-жақты ақпарат берді.

Ертеңнен бастап елімізде республикалық, халықаралық маңызы бар ауқымды мерекелік шараларға шектеу қойылады. Ал ойын-сауық орталықтары жабылмағанымен, кинотеатрлар уақытша жұмыс істемейді.

Каникул кезінде балаларға экскурсияға шығуға болмайды. Ал жоғары және орта арнаулы оқу орындары онлайн режиімге көшеді.

Елімізде әлеуемттік маңызы бар азық түліктің қоры жеткілікті. Сондықтан Үкімет халықты алаңдамауға шақырды.

Әуе рейстеріне қатысты 1 а және б санатына жататын елдерге шығуға тыйым салынды. Ал алыс-жақын шетелдерге сапарлауды жоспарлап, алдын ала билет алып қойған азаматтардың ақшасы толықтай қайтарылады.

Үкімет мүшелері қауіпсіздік мәселесі әр азаматтың жауапкершілігінде екенін ескертті. Сондықтан талаптың тиянақты орындалуы баршаға ортақ міндет.

Раушан САЙЛАУҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу