Жоғалған тағы бір адамды іздеу жұмыстары жүріп жатыр. Құтқарушылардың айтуынша, ол үйінді астында қалуы мүмкін.
Болжамға сәйкес, апатқа тұрмыстық газдың жарылуы себепші. Оның күшті болғаны соншалық, үйдің қабырғалары құлап, төбесі опырылып түскен. Оқиға орнында арнайы техникамен жабдықталған сегіз өрт сөндіру бригадасы жұмыс істеп жатыр.
Дәл осындай оқиға 10 күн бұрын Рокка-ди-Папа қаласын да болды. Сол кезде әкімшілік ғимаратта жарылған тұрмыстық газдан 16 адам зардап шеккен еді. Олардың біреуі кейін ауруханада қайтыс болды. Сондықтан, билік тұрғындарға газды қолдану барысында қауіпсіздік талаптарын сақтауды ескертіп отыр.
Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ