Италияда газ жарылып, бірнеше ғимарат опырылып құлады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Италияда газ жарылып, бірнеше ғимарат опырылып құлады

13.12.2021

Италияда газ жарылысынан бірнеше ғимарат құлап, 3 адам қаза тапты. Тағы алты тұрғын жоғалып кеткен. Қайғылы оқиға Сицилия аралындағы Равануса қаласында болды.

Жергілікті басшылықтың мәлімлеуінше, екі тұрғын үй толық қирап, бірнешеуі жартылай зақымданған. Қазір құтқарушылар жоғалып кеткендерді іздестіріп жатыр.

Үйінділер астынан екі адам тірі табылды. Газдың неге жарылғаны белгісіз. Қазір тергеу жүріп жатыр.

София Романо, жергілікті сақтандыру агенттігінің қызметкері:

Эмоционалдық деңгейде бүкіл қала толығымен жойылды деуге болады. Енді басқа ештеңе ойлай алмаймыз. Рождество тойланбайды. Өйткені оны мерекелейтін көңіл күй жоқ бізде.

Арыстан Рысбек


Италия

Хабарламаларға жазылу