Соңғы 15жылда Алматыға келетін туристердің саны 45 пайызға өскен - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Соңғы 15жылда Алматыға келетін туристердің саны 45 пайызға өскен

20.06.2019

Статистикаға сүйенсек, биыл бірінші тоқсанда алып шаһарға ағылған шет елдік саяхатшылардың саны 91 мыңнан асқан. Мамандардың сөзінше мұндай көрсеткіш, тіпті, Азиада мен Универсиада ойындары кезінде де болмаған.

Былтыр шаһарға 1 миллионға жуық қонақ келсе, олардың 40 пайыздан астамы шетелдіктер екен. Саяхатшылардың еселенуі «Қалада жоғары санаттағы қонақ үйлер мен мейрамханалардың көбеюіне де ықпал етіп отыр», дейді мамандар. Себебі, бір жылдың ішінде мұндай мекемелердің саны да 40 пайызға артқан.

Аслан Қоңырқанов, Алматы қалалық туризм басқармасы туризмді ілгерілету бөлімінің басшысы:

Жалпы Алматы қаласына 3 айда 270 мың турист келген. Оның ішіндегі 91 мыңы шетелдік турист, қалғаны ішкі туристер. Ең қызығатыны шет елдіктердің бұл біздің тарихымыз, мәдениетіміз және біздің табиғатымыз.

Саяхатшылардың көшін Ресей, Қытай, Иран және Үндістан елінен келетін туристер бастап тұр. Олар көбінесе «Медеу» мұз айдыны, «Шымбұлақ» тау-шаңғы курорты, «Көлсай» көлдері, «Шарын» шатқалы және «Үлкен Алматы көлін» көруге келелді.

Радж Турат, турист, Үндістан:

Мен мұнда Индиядан келдім. Маған Алматы табиғаты өте қатты ұнады. Жердегі жұмақ десем де болады. Мен Европаның біраз мемлекеттерін араладым. Бірақ Қазақстанға жетпейді екен.

Сонымен қатар, биыл туризм саласын дамытуға сандық технологияларды көптеп қолдану жоспарда бар.Шет елдік қонақтар көп баратын қаладағы маңызды 33 ғимаратқа жуырда QR-код орнатылады. Осылайша,туристер гидтің көмегінсіз-ақ, әр нысан туралы ақпаратты 4 тілде аудиомен тыңдай алады.

Нұрхан НҰРЛАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу