Мұны Біріккен Ұлттар Ұйымының тергеу тобы 100-беттік баяндамасында мәлімдеді. Алайда, бұл құжатқа қатысты әр-Рияд әзірге жауап берген жоқ. Осыған дейін Саудияның король әулеті өздеріне тағылған кінәні жоққа шығарған еді.
Монархия билігін сынаған саудиялық журналист Джамал Хашогги Американың «Вашингтон пост» газетінде қызмет етті. Ол былтыр қазанның 2-де Сауд Арабиясының Ыстанбұлдағы елшілігіне кіргеннен шыққан жоқ. Кейін оның денесі бөлшектеніп, дипмиссиядан әкетілгені анықталды.
Репортер елшілікке неке туралы құжат алу үшін барған.
Арыстан РЫСБЕК