Украинаның шығысында бес жыл бұрын болған малайзиялық ұшақ апатына кінәлі 4 адамның есімі жарияланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Украинаның шығысында бес жыл бұрын болған малайзиялық ұшақ апатына кінәлі 4 адамның есімі жарияланды

20.06.2019

Олардың үшеуі – ресейліктер.

 

Ал, біреуі – Украина азаматы. Тергеушілердің айтуынша, айыпталушыларға халықаралық іздеу салынған. Және де бұл іс жыл соңына дейін Голландия сотына тапсырылады.

 

«Малайзия әуе жолдары» компаниясының «Боингы» 2014 жылы шілденің 17-де Донбассқа құлап, борттағы 298 адам түгел қаза тапты. Ұшақ Украинаның шығысында үкімет әскері мен сепаратистер арасындағы қақтығыс барысында атып түсірілген. Бұл мақсатқа қолданылған зымыран Ресей Әуе күштеріне тиесілі.

 

Дегенмен, Кремль ракетаның Украина аумағынан ұшырылғанын айтып, өзіне тағылған айыптарды жоққа шығарып келеді. Сонымен қатар, тергеу ісіне қатыспай, аталған азаматтарды экстрадициялаудан бас тартты.

 

Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу