Соңғы мәліметке қарағанда, жұма күні өткен партиялық сайлаудың бірінші турында ол консерваторларды, одан әрі Үкіметті басқаруға ең үздік кандидат атанған.
Теледебатқа қатыспаған Джонсон 114 дауыс жинаса, қалған үміткерлерді қолдағандар 50-ге де жетпеді. Екінші тур ертең өтеді. Бірқатар сарапшылардың ойынша, Джонсон Премьер болса, корольдікте «брекситке» қатысты саяси дағдарыс тіпті тереңдейді. Өйткені, бұл кандидат Ұлыбританияны Еуропа одағынан ажырасу туралы келісімсіз-ақ шығаратынын мәлімдеп отыр. Ал, Парламент мұндай сценарий ел нарығын ғана емес,бүкіл әлем экономикасын теңселтеді деген пікірде.
Арыстан РЫСБЕК